Жамбыл облысында әжетханадан табылған нәресте жетім балалардың республикалық бірыңғай базасына енгізілді. Өйткені сәбиді қамқорлығына алмақ болған әжесі көз жұмған. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының өкілдері айтты. Шарананы тастап кеткен 22 жастағы анасы бұл әрекеті үшін 1 жарым жылға сотталған. Алайда, биыл қаңтарда рахымшылық заңына ілігіп, түрмеден босап шықты. Тек ол сот үкімімен аналық құқығынан айырылған. 1 жарым жастағы балғынды өзгелер асырап ала алады.
Мұхтар Керімбеков, Жамбыл облыстық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы:
Нағашы ағасы оны «қамқоршылыққа аламын» деп, ниет білдіріп отыр. Заңнама талаптары бойынша баланы ең жақын туыстары қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алуға басым құқығы бар.
Еске
салайық, нәресте былтыр қаңтар айында
Алматы-Ташкент тасжолы бойындағы Абай
ауылы маңындағы әжетханадан табылған
еді. Шақалақты сол маңнан кездейсоқ өткен көліктегі жолаушылар байқап, көмек
шақырған. Қазір ол Тараздағы «Үміт»
бөбектер үйінде тәрбиеленіп жатыр.