Негізгі / Жаңалықтар / Талдықорғанда ардагерлердің демалыс бөлмесі ашылуы мүмкін

Талдықорғанда ардагерлердің демалыс бөлмесі ашылуы мүмкін

Талдықорғанның «Қаратал» ықшам ауданында ардагерлерге арналған демалыс бөлмесін ашу жоспарланып отыр. Майдангерлермен жүздескен «Нұр Отан» партиясының Алматы облысындағы мүшелері осындай ұсыныс білдірді.

Сондай-ақ партия белсенділері ардагерлерді түрлі әлеуметтік шаралар мен акцияларға араластыруды көздеп отыр. Қазір Талдықорғанда Ұлы Отан соғысының 39 ардагері өмір сүреді. Қарияларды бірінші кезекте дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы алаңдатып отыр. Бұл ретте майдангерлер өздеріне арнайы емхана ашылса деген ұсыныстарын да жеткізді.

Әсия Ахметова, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық бөлімшесі басшысының орынбасары:

Қала бойынша ардагерлер кеңесінің 11 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Мектептерде арнайы бөлмелер бөлінген. Алайда ол жеткіліксіз. Сондықтан біздің бөлімше қалалық әкімдік пен партия төрағасына осы сұрақты шешу туралы хат жолдайды.