$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көпбалалы отбасыларға 313 млрд теңгеден астам жәрдемақы берілді

AstanaTV
17.09.2024ж. 12:56
245
Көпбалалы отбасыларға 313 млрд теңгеден астам жәрдемақы берілді

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 582,7 мың отбасы жалпы сомасы 313,7 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде тамыз айында 577,9 мың отбасыға 38,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;