$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан неміс нарығына кететін мұнайды көбейтеді

AstanaTV
17.09.2024ж. 14:10
149
Қазақстан неміс нарығына кететін мұнайды көбейтеді

Қазақстан Германия нарығына экспортталып жатқан мұнай көлемін арттыруға дайын. Бұл туралы бүгін Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Astana TV.

Президент энергетикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді келесі басымдық ретінде атады.

«Германияға энергетикалық ресурстардың сенімді әрі ірі жеткізушілерінің бірі ретінде Қазақстан неміс нарығына мұнай экспортын арттыруға әзір. Көмірсутегін ұзақмерзімді және тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуде германиялық серіктестеріміздің қолдауына алдағы уақытта да сүйенеміз. Елдеріміздің орнықты дамуы үшін энергияның баламалы көздеріне ауысудағы бірлескен қызметімізді жандандыра түсу маңызды деп санаймын. Сутекті энергетика саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Еліміз Өзбекстанмен және Әзербайжанмен Каспий теңізінің табаны арқылы Еуропа елдеріне қарай «жасыл» энергетиканы жеткізу желісін салу жобасын пысықтап жатыр. Германиялық серіктестерге осы стратегиялық жобаға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.