$479.05 €534.57 ₽5.17
×

385 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

17.09.2024ж. 20:00
87
385 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Елде 385 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 72 мың отбасы мемлекет тарапынан қолдауға ие болған. Ол үшін бюджеттен 55,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 процентінен аспайтын азаматтарға беріледі. Сондай-ақ табысы аз отбасында дүниеге келген 6 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. Мәселен, осы жылы мектеп жасына дейінгі 119,5 мың балаға 3,7 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалған. Әлеуметтік көмек шеңберінде тірліксіз жүргендерді жұмысқа орналастырып, өз ісін ашамын дегендерге грант та беріледі. 

385 МЫҢ АДАМ АӘК АЛДЫ:

72 000 отбасы - 55,9 млрд теңге

АӘК МЫНАЛАРДЫ КӨЗДЕЙДІ:

- Табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% аспайтын азаматтар;

- Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар;

   119,5 мың бала - 3,7 млрд теңге

- Жұмысқа орналастыру, грант бөлу.