$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Германия – экономикалық және технологиялық инновация саласында әлемдік көшбасшылардың бірі", - Қ.Тоқаев

17.09.2024ж. 20:00
246
"Германия – экономикалық және технологиялық инновация саласында әлемдік көшбасшылардың бірі", - Қ.Тоқаев

Германия – экономикалық және технологиялық инновация саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Бұл елдің өнімдері өзінің сапасымен әйгілі.  Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді. Ол Орталық Азия – Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан жоғары өнім алуда баршаны бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, жиында айтылған экономикалық кеңес құру туралы ұсынысты қолдады. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің жан-жақты талқылауларымыз Орталық Азия мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың түрлі салада мол әлеуетке ие екенін көрсетті. Өңіраралық экономикалық кооперацияға тың серпін беретін ауқымды мәселелерді қарастырдық. Оның ішінде, инфрақұрылым мен энергетикадан бастап технология мен инновацияға дейінгі салалар қамтылды.