$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылады

17.09.2024ж. 20:00
304
Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылады

Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылады. Енді 10 жылдан асқан автокөліктердің салығы 30 пайызға, 20 жылдан асқан көліктердің салығы 50 пайызға төмендейді. Салық кодексінің жобасын мәжілісмендер талқылады.

Көшеде жарықшамы жыпылықтап, қос бүйірін тот басып, ескі көліктер баттасып бара жатса таңғалмаңыз. Өйткені атам заманнан бергі темір тұлпарларға салынатын салық көлемі азаяды. Демек жаңа көліктердің қарасын көп көрмей қалуымыз мүмкін.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Утильсбор мәселесі болғанда бізге айтты не үшін керек, өйткені бізге жеңіл машиналар жаңа болғаны жақсы деді. Енді бұл аргумент түсінікті ғой. Енді мына уақытта машинаң ескі болатын болса салықты азайтамыз дейді. Сонда оның логикасы қандай? Бұл түсініксіз.

Ескі көліктердің көбі ауылдың бір қуысында шаң басып, жүруге жарамай тұр. Ал олардың иелері пайдаланбайтын мүлік үшін артық ақша төлейді. Осы ауыртпашылықтан босату үшін салық көлемін азайттық деді вице-министр Ержан Біржанов.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бірақ енді елде, ауылдарда өзіңіз білесіз 100 деген мың ондай транспорт қазір бар. 20 жыл бар, 25 жыл бар, ескі жигули мен москвичтер әлі күнге дейін жүр. Бұлардың да бағасы төмен ғой. Бұл салық салынған кезде базасын қарайды құнына байланысты, бұның жылына байланысты. Көбі мысалы сынып тұр, бірақ әлі регистрациядан алынған жоқ. Енді жыл сайын там 10 мыңнан келіп тұрса істемейтін машинаға қиын ғой.

Біреулер ескіден құтыла алмай жүргенде, байлығы шектен шығып бара жатқандардың да мәселесі жаңа салық кодексінде қарастырылған. Қазақстандықтар үй мен көліктің құны қанша теңгеден асса, «байлық салығын» төлейді.

АЗАМАТ ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-ВИНИСТРІ:

Жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі; кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу; қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу ұсынылып отыр

Жаңа құжатқа келер жылдың шілдесіне дейін өзгерістер енгізіліп, қабылданады. Ал қолданысқа 2026 жылдан бастап енбек.