Иә, расымен, екі елдің қарым-қатынасы қарқын алып келеді. Германиялықтар Маңғыстау облысында күннен қуат алатын ірі жобаны іске асырмақ. Неміс зауытының айналасында 5 кластер болады. Қызығы, оларға Ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқан 5 қасиеттің атауы беріледі. Ерекше әрі тың жоба жайлы толығырақ «Сарапшы пікірі» айдарынан тыңдайық. Әріптесім Аружан Задабек тізгінді алсын.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ЖУРНАЛИСТ:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Абай айтқан «бес асыл іс» идеясына енді қазақтар ғана емес, неміс жұрты да мотивация ретінде қарайды. Жаңадан ашылатын зауыттың 5 орталығын осылай атаған. Қайырлы күн, көрермен! «Сарапшы пікірі» айдарында қос мемлекеттің байланысын толығырақ талқылаймыз. Бүгін бізде қонақта – Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жанат Момынқұлов. Жанат Байжомартұлы, қош келдіңіз!
Германиядан 30 жылда елге 6,6 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл байланыс соңғы 3 жылда қарқын алды. Қазір елде 750 неміс компаниясы жұмыс істейді. Бұл аз көрсеткіш емес. Қалай ойласыз, екі елдің осыншалық берік, сенімді қарым-қатынас орнатуына не түрткі болды?
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ЖУРНАЛИСТ:
Екі елдің достық қарым-қатынасты берік сақтай алуы да осындай жетістікке жетуге мүмкіндік берген шығар. Өйткені, Германия – Еуропадағы қазақ этносы ең тығыз шоғырланған елдің бірі. Бізде де тұратын немістер де аз емес. Қазақстан негізінен оларға шикізат сатады. Ал немістерден не аламыз?
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ЖУРНАЛИСТ:
Дұрыс айтасыз, Германия әлемге классикалық көліктерімен танымал. Машина жасау саласының қыр-сырын терең меңгерген. Енді осы тәжірибесін бізбен бөліседі. Осыдан кейін отандық көліктердің саны көбейе ме? Тағы не ұтамыз?
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ЖУРНАЛИСТ:
Енді жанадан бері үміттеніп, жақсы жобалар болады деп болжам жасап жатырмыз. Қазірдің өзінде 35 құжатқа қол қойылып, құны 6,3 млрд доллар инвестиция тартылады. Енді сенімге селкеу түспесе дейміз. Бүгінге осы. Сау болыңыздар!