$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Елдің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауымыз керек" , - М. Әшімбаев

17.09.2024ж. 20:00
487
"Елдің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауымыз керек" , - М. Әшімбаев

Сенат төрағасы Алматы облысының тұрғындарымен бірге Атом электр станциясын салу мәселесін талқылады. Мәулен Әшімбаев бастаған халықтық штаб мүшелері бүгін өңірдегі кәсіпорын ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жергілікті жұртшылықпен кездесті. Онда Сенат спикері Мемлекет басшысының жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасының маңызына назар аударды. Сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің, энергетикадағы инновациялық технологиялардың, жоғары технологиялық сектордың және Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің маңызы туралы айтты. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Электр энергиясымен қамтамасыз етудің біз жан-жақты саясатын жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде ең басты мәселе біз кешенді түрде жұмыс істеуіміз керек. Солай біз жалпы Қазақстанымыздың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Сондықтан енді анандай үлкен жобаны халықтың талқылауына Президентіміз арнайы шығарып отыр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатының бір айқын көрінісі деп ауыз толтырып айта аламыз.