Алматыда мопед мен газель соқтығысып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға бүгін 13:30-да Райымбек және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Зардап шеккен мопед жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, сол жерде жан тапсырды.
Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Мопед жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатып, Момышұлы көшесінің қиылысында газель маркалы көлікпен соқтығысты. Жарақат алған мопед жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ПД хабарламасында.