Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Келер жылы Ресейден мұнай өнімдерін тасымалдамаймыз - Қ.Бозымбаев

AstanaTV
12.04.2017ж. 20:00
2198
Келер жылы Ресейден мұнай өнімдерін тасымалдамаймыз - Қ.Бозымбаев

Келесі жылы Қазақстан өзін-өзі мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етеді. Тіпті Орталық Азия мен Ауғанстанды да жанармаймен қамтуға қауқарлы болады.

Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Зауыттағы жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі шілдеде аяқталады. Нәтижесінде мұнай өнімдері бұрынғыдан әлдеқайда артық өңделмек. Сапасы да талапқа сай болады. "Павлодар мен Атыраудағы зауыттарда жүріп жатқан жаңғырту жұмыстары биылдан қалмай бітеді,- деді министр. Соның нәтижесінде 2018 жылдан бастап еліміздегі бензин бағасын реттеуге мүмкіндік артады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:


Дизель отыны шығарылса 100 пайыз, әрине, бағаға әсер ететін факторлар көбірек болады біздің жағымыздан. Онда реттеу оларды жеңілдеу болады біздің тарапымыздан. Мен ойлаймын, онда қандай баға керек болады, сондай бағаларды, әрине, тиімділігін ойлап, біз жасайтын боламыз.

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ел нарығының 30 пайызын қамтамасыз етіп келеді. Жаңғырту жұмыстарынан соң мүмкіндігі тағы 5 пайызға артады деген болжам бар. 31 наурыздан бастап жоспарлы жөндеуге жабылған зауытта жаңғыртудың екінші кезеңі қарқын алған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде зауыт жылына 6 млн тоннаға дейін шикізат өңдемек. Сол кезде Қазақстандағы мұнай өнімдері экспортқа да шығарылады,- деді министр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Артығымен, 2 миллионнан астам 92 бензин шығарылатын болады, 2 млн соны экспортты бастаймыз, деп өз басым ойлаймын. Жалпы дизель отынмен де қамтамасыз ете аламыз Орталық Азияны және Ауғанстанды қамтамасыз ете аламыз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ