$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қол астындағыларға ұлының оқу ақысын төлеткен: Қызылордада "Қорғастың" бұрынғы басшысы сотталды

AstanaTV
18.09.2024ж. 09:30
299
Қол астындағыларға ұлының оқу ақысын төлеткен: Қызылордада "Қорғастың" бұрынғы басшысы сотталды

Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхаммед Әбсаттаров қызметкерлеріне ұлының оқу ақысын төлеткені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлетіп, құны 6,8 млн теңге дизель отынын беруге мәжбүрлеген. Дінмұхаммед Әбсаттаров заңсыз нұсқаулар беріп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан бөлек, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеп, бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтірген. Осылайша ол заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасағаны үшін де сотталды.

“Әбсаттаров мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және 9 ай бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік награда "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дінмұхаммед Әбасаттаров 2020 жылдың ақпан айынан бастап "Қорғас" ШЫХО Басқарушы компаниясында басшылық қызметте болды, 2021 жылдың сәуір айынан бастап "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болса, 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың маусымына дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.