Көктемгі
дала жұмыстары кезінде ақтөбелік шаруалар ең арзан жағармайды пайдаланады. Оның
әр литрге шаққандағы құны өзге аймақтармен салыстырғанда 17 теңгеге төмен. Бұл
жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мәлімдеді.
Қажетті 9 000 тонна дизель отынының негізгі бөлігі алынған. Қалғаны дер кезінде
жеткізіледі, - дейді жауапты мекеме өкілдері. Дән себу жұмыстары уақытылы
басталады деп жоспарланған. Тәжірибе стансасы мамандары дән сұрыптарының
ерекшелігін ескеріп, жұмысты қай уақытта бастау қажеттігін талдап берген.
Облыстың оңтүстік аймақтарында 25-інші сәуірде дән себіле бастайды. Көктемгі
жұмыстарға 600 миллон теңге бөлініп, игерілуде. Биыл жоғары сұрыпты бидайдың
көлемін арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, 20 мың гектарға жуық суармалы алқапты
қалпына келтіру жоспарланған.
Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
5
мың тоннасы тасып алынды. 2 тоннасы жақын күндері келеді. Аудандарға жеткізіліп
жатыр. Дизель отынының бағасы 113 теңгеден. Атап айтсақ, республика бойынша ең
төменгі баға. Нарық бағасымен есептейтін болсақ, 14 пайызға немесе 17 теңгеге
арзан.