$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан халқы зейнетақы салымдарының жайын біле алады

AstanaTV
12.04.2017ж. 20:00
2371
Қазақстан халқы зейнетақы салымдарының жайын біле алады

Қазақстан халқы өз зейнетақы салымдарының кіріс келтіріп жатқанын, немесе шығынға ұшырағанын оңай біле алады. Алматыда жиын өткізген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері мен қордың басшылары осындай келісімге келді.

Сандарды сөйлетсек, халықтың қорға деген сенімсіздігі анық байқалады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша, ай сайынғы салымдарды тек 1,5 млн адам ғана жасаған. Ал елдегі экономикалық белсенді топ саналатындар 9 млн адамды құрайды. Сондықтан қор басшылығы салымшыларға кірістері туралы мәліметті жариялап отырмақ. Бұл халықтың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген қызығушылығы мен сенімін арттыру үшін қолға алынды. Жақын арада бұл туралы мәлімет арнайы түбіртектермен келіп отырады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ