$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО-да пневмонияға шалдыққандар саны 2,5 есе артты

AstanaTV
18.09.2024ж. 11:00
334
ШҚО-да пневмонияға шалдыққандар саны 2,5 есе артты

ШҚО-да биыл пневмонияға шалдыққандар саны екі жарым есеге артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы өңірде биыл 2526 адамға пневмония диагнозы қойылғанын алға тартты.

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 787, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 86, ересектер – 1653.

Былтырғы сәйкес кезеңде пневмонияға шалдыққандар саны 1023 адамды құраған. Демек биыл науқастар саны 2 жарым есеге артып отыр. Ауырғандар санының көбеюі ерте диагностика көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты, - делінген ақпаратта.