Астанада өтетін «ЕХРО»
көрмесіне Жамбыл өңірінен 150 ерікті жас барады. Бұл туралы Таразда өткен «EXPO-2017 - жетістіктер жолы» атты еріктілер
форумында белгілі болды. Аталған шара
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар
қанатының ұйымдастыруымен өтті.
Еріктілердің барлығы - «Жас Отанның» мүшелері. Үш
тілді еркін меңгерген жастар шетелдік қонақтарды қарсы алуға сақадай сай екенін дәлелдеді. Ән-биді де ұмыт қалдырған
жоқ. Келушілердің көңілін көтеруге барын салған белсенділер өз өмірлерінің
жарқын тұстарын арнайы бейнероликтер арқылы көрсетті. Бір сәтке «ЕХРО» қалашыққа саяхат жасап, өз
арман-мақсаттарын жиналғандармен бөлісті. Ал «жасотандықтар» еріктілерді
арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Бақкелді Тұрсынбек, «Нұр Отан»
партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:
Еріктілеріміз тек қана
өздерінің ақылы қызметтерін ғана алмай және волонтерлық қызметтер ғана атқармай, азулы алдыңғы қатардағы елдерден
келген профессорлар бар, барлық
өкілдермен тәжірибе алмасып, өздерінің қабілеттерін шыңдай отырып, алдағы
уақытта «ЕХРОда» көрсететін болады.