$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Оқушы TikTok-қа тренд түсіру үшін сірке қышқылын ішкен

18.09.2024ж. 20:00
91
Оқушы TikTok-қа тренд түсіру үшін сірке қышқылын ішкен

Ақтөбелік оқушы Тик-токқа тренд түсіру үшін сірке қышқылын ішкен. Артынан ол аллергия беріп, ауруханадан бір-ақ шықты. Абырой болғанда аман. Бұл жалғыз оқиға емес. Желіде осындай қауіпті челледждерді қайталап жүргендер көп. Тіпті, денсаулығынан айрылып, сал болғандар, соңғы демін алып, қайтыс болғандар да жетерлік. Толығырақ келесі сюжеттен көріңіз. 

Қолыңды кес, жоғарыдан құла, өзенге секір. Әлемді жаулаған платформа енді балалардың өмірін жалмап жатыр. Бәрін қойып, енді «сірке қышқылын іш» деген челелендж пайда болыпты.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бәрібір контроль жасау мүмкін емес. Қанша балаң бар, жұмысың бар. Мектептің өзінде не көріп отқанын бақылай алмайсың. Ол жаққа да телефонмен жібересің ғой.
- Кішкентай балалардың әлі санасы өспеген ғой. Оларға қауіп төнуі мүмкін конечно. Оларға әсер етеді ғой ол. Сондықтан ондай видеолар салуға мен қарсымын.
- Ата-анасы мұқият болу керек та.

Дәрігерлер бұған жай челлендж деп қарауға болмайды дейді. Өйткені сірке қышқылының 1 қасығының өзі ішті улап, баланы өлтіріп жіберуі мүмкін.

ОЛЖАС ЖҮНІСОВ, ДӘРІГЕР:

Организмге өте қауіпті. Сондықтан да бұл челлендждерді қайталамаймыз. Әке-шешлер балаларыңызға ескертіңіздер. Бұндай трендтерді немесе осыған ұқсас трендтерді тоқтату керек. Көрсеңіздер жалоб жасап өтіңіздер. Денсаулық үлкен қазына, зор байлық. Оны бағалаңыздар!

Тиктокта тренд түсіріп, талайды тамсандыру – жастардың бір мақсаты. Олар елдің назарын аудару үшін қауіпті әрекеттерге барудан да тайынбайды. Әлеуметтік желінің соңынан кетіп соңғы сапарға аттанғандар да бар. Ақтауда жасөспірім тиктокқа видео түсіремін деп, теңізге секіріп мерт болғаны әлі жұрттын есінде. Дәл осындай жағдай Таразда да қайталанған. Оқушы тоққа түсіп қайтыс болған еді.

АНАРГҮЛ ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Оның басты себебі – ата-ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы. Егер де ата-ана баласын естімесе онда бала өз бетінше шешім қабылдауға мәжбүр болады. Ата-анасы баласына көңіл бөлмеуі мүмкін не болмаса баласын төмендетіп ұрыса беруі мүмкін. Балағат сөз айтуы мүмкін. Ал баланың ол санасында өте ұзақ уақыт бойып сақталыпе қалады.

Елімізде жеткіншектер арасында желіден жапа шеккендер саны 10 есе өскен. Сондықтан әрбір ата-ана баласының не істеп, не үйреніп жатқанын біліп отырса дейді мамандар. Себебі тик-токтың әзірге не жойылар, не қатаң бақылауға алынар түрі жоқ.