$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Майқайың алтын» шахтасындағы апатқа қатысты 6 адам қамауға алынды

18.09.2024ж. 20:00
150
«Майқайың алтын» шахтасындағы апатқа қатысты  6 адам  қамауға алынды

«Майқайың алтын» шахтасындағы апатқа қатысы бар кәсіпорынның 6 бірдей қызметкері қамауға алынды. Оларға тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 6 қызметкер де облыс орталығындағы полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, биыл 4 қаңтарда «Майқайың алтын» шахтасында жер опырылып, 4 бірдей құтқарушы отырған автобус жер астына құлап кеткен болатын. Салдарынан көлік ішіндегі 4 адам да мерт болды. Құтқарушылардың екеуінің денесі сол күні табылса, қалған екі құтқарушының мәйіті тек 7 айдан соң табылды.