$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Орталық Азия елдері Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады

18.09.2024ж. 20:00
277
Орталық Азия елдері Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Орталық Азия елдерінің делегация басшыларымен Халықаралық Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады. Кездесу барысында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері, сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу шаралары қаралды. Атап айтқанда, өңір елдерінің Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін әзірлеу әрі енгізу жөніндегі жұмыс жанданатын болады. Бұл шаралар мемлекеттердің қажеттілігін жабудағы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған.