$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Халық қалай шешеді, солай болатыны сөзсіз", - М. ӘШІМБАЕВ

"Халық қалай шешеді, солай болатыны сөзсіз", - М. ӘШІМБАЕВ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері Алматы қаласына барды. Олар ғалымдармен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда атом электр станциясын салуға қатысты референдум аясындағы мәселелер талқыланды. Сенат төрағасы еліміз көмірқышқыл газының жан басына шаққандағы шығарындылары бойынша әлемде алдынғы орында екенін атап өтті. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мінекей, бір жылдың ішінде көптеген дөңгелек үстелдер, отырыстар, жиындар өтіп, бұл енді елімізге не береді деген мәселелер талқыланды. Енді 6 қазанда елімізде үлкен референдум болайын деп жатыр. Сол жерде халқымыз нақты шешімді қабылдайды. Халық қалай шешеді, солай болатыны сөзсіз.