$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірген

AstanaTV
19.09.2024ж. 14:27
99
Алматыда әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірген

Алматыда 23 жастағы әйел 58 жастағы ер адамды пәтерде пышақтап өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел өзі бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұққан. Полиция бұл ақпаратты растады.

"Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Басқа да мән-жайлар анықталуда", - деп жауап берді Алматы полиция баспасөз қызметі.