Астанада Сирияға байланысты 3-4 мамырда өткен келіссөздерге қатысқан мемлекеттер - Ресей, Түркия мен Иран ол елде бейбіт тұрғындарға арналған 4 қауіпсіз аумаққұру жайлы меморандумға қол қойды. Келіссөздерді қорытындылаған баспасөз мәслихатында Сирия оппозиция өкілі меморандумды оқып жатқан еліміздің Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың сөзін бөліп жіберіп, кепіл елдердің бірі - Иранға қарсылық білдіріп, залдан шығып кетті.
Астана процесіне
келген оппозиция өкілдері келіссөздерге басынан аяқ қатысқан да жоқ.
Дипломаттар жігін жатқызуға тырысқандарымен, олар өздерінің Башар Асад
режимімен де, кепіл елдердің бірі – Иранмен де мәмілеге келуге мүлдем құлықсыз
екендерін көрсетіп бақты. Жұмада «АҚШ Сирия бойынша жаңа келісімге сенім
артады, бірақ алаңдаушылығын сақтайды» деген сипатта ақпарат тарады. РИА
Новости АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Ноертке сілтеме жасап, «АҚШ Астана процесіне Иранның қатысуына
алаңдайды, себебі Тегеран тұрақтылықты шайқалтатаын ел деп есептейді» деп
жазды. Құрылатын 4 қауіпсіз аумақта оқ атылмауы тиіс. Тіпті авиацияға тыйым
салынады. Астана процесінің авторлары – Ресей
және Түркия президенттері осы аптада Сочиде кездескен, қауіпсіз аумақтар құрылса,
«текетірескен тараптарды сабырға түсірер еді» деген сипатта комментарийлер
берді. Путиннің айтуынша, осы аптадағы телефон әңгімесінде Трамп «қауіпсіз
аумақтарға» қарсы еместігін білдірген.
Сирияда 2011 жылы
Башар Асадқа қарсы басталған азаматтық соғыста 300 мыңдай адам опат
болып, миллиондаған адам босып кетті.Әрине, бұл соғысты тұтатып, лаулатқан
мемлекеттер бар. Алайда негіз салып берген Башар Асадтың авторитарлық режимі...