$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Атырауда халықаралық жастар форумы өтті

19.09.2024ж. 20:00
30
Атырауда халықаралық жастар форумы өтті

Атырауда «Saraishyq upgrade» халықаралық жастар форумы өтті. Тың идеялардың жүзеге асыруға, креативті индустрияны қолдауға арналған жиынға еліміздің ғана емес көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің жастары жиналды.

Жастардың дамуына бағытталған бұл форумға мыңнан астам жас қатысуға ниет білдірген. Алайда әр салада белсенділік танытып жүрген 300дейі ғана шақырту алыпты.

СВЕТЛАНА АЛЬБИКОВА, ҚАТЫСУШЫ /РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ/:

Сарайшық форумы көрші ел жастарының гуманитарлық және мәдени байланысын нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін керемет алаң. Мен Ресейдің Астрахань қаласынан келдім. Осымен екінші рет қатысып отырмын.

Халықаралық форум алты бағыт бойынша өтті. Қатысушылар кинематография, музыка, маркетинг, театр, хореография және жасанды интеллект саласының білікті мамандарымен пікір алмасты.

СЕРІК ШӘПКЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Асыл тастан, ақыл жастан, дейді. Сондықтан да осы ортаға өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді салып, ертеңгі қоғамның бір жақсы мәселелерін талқылайтын жақсы шешімдерді осы жерде табады деп және әрине, Атырауға келгеннен кейін Атырауда осы жердегі біздің жастармен бірге танысып, дос табады деген сенімдемін. 

Қатысушылар екі күн бойы теориялық білім алып қана қоймай, пікір алмасып, тәжірибесін нығайтты.

ДӘУРЕН СЕЙІТҚАЛИЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Олар жаңадан жобалар алып келіп, осы жерде қорғайды. Сол жобалар, спикерлердің ұнатқан жобалары грантқа ие болады қаржылай түрде.

Форум аясында креативті индустрияны дамытуға ниетті қатысушылардың арасында конкурс жарияланып, үздік атанған 6 қатысушыға 300 000 теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді. Форум дәстүрлі түрде өтеді,- дейді ұйымдастырушылар.