$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматы облысында кондуктор автобустан құлап, қайтыс болды

19.09.2024ж. 20:00
83
Алматы облысында кондуктор автобустан құлап, қайтыс болды

Алматы облысында ауылдар арасында қатынайтын автобустан кондуктор құлап кетіп, тіл тартпастан көз жұмды. Қайғылы жағдай Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында болған . Әйел адамның қалай құлап кеткені белгісіз, ол туралы ресми ақпарат жоқ. Алматы облысы полиция департаменті қазіргі уақытта істің анық-қанығын бағамдап жатқанын хабарлады.