$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы шықты

19.09.2024ж. 20:00
56
Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы шықты

Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы шықты. Дертке кілең 3 айлық бұзаулар шалдыққан. Мамандардың айтуынша, қазір барлық малға екпе салынып, қора жайлар залалсыздандырылды. Қарасан ауруы Қарқаралы ауданындадағы Сартау қыстағында тіркелген. Қорадағы төлдер бірден арам қатқан. Ветеринарлардың хабарлауынша, инфекция негізінен аша тұяқты жас төлге топырақ пен лай судан жұғады. Сондықтан вакцина әдетте дәл осы 3 айлық төлдерге салынады. Бұл жолы екпе салмай тұрып дерт белгілері байқалған. Асқынғанда бұлшық еті қабынып, ішек-қарны мен бауырын ыдыратады екен. Қазіргі таңда қыстақта ауру жойылды, дейді мамандар. Дегенмен карантин екі аптаға жалғасады. Ал мал шығыны республикалық бюджеттен төленеді.