$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Көпен Әмірбектің екінші әйелі сатириктің 65 жасында дүниеге келген ұлын көрсетті

AstanaTV
20.09.2024ж. 01:07
72
Көпен Әмірбектің екінші әйелі сатириктің 65 жасында дүниеге келген ұлын көрсетті

Екінші әйелі марқұмның бірінші отбасымен араласып тұратынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі жыл бұрын қайтыс болған танымал қазақстандық сатирик Көпен Әмірбектің екінші әйелі оның бірінші отбасымен араласып тұратынын айтты және 9 жастағы ұлын көрсетті.

Сатириктің әйелі Әйгерім Асанова «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қонақта болып, күйеуінің күтпеген жерден қайтыс болғанын алға тартты. Ұзақ ауырған жоқ. Өзіміз де тез кетіп қалады деп күтпедік. Асқазанына ота жасады. Соны көтере алмады, - деді әйелі. Сатириктің әйелі өзінен 36 жас кіші.

Естеріңізде болса, Көпен Әмірбек екінші әйеліне 65 жасында үйленіп, Жұбаныш есімді ұлы дүниеге келген. Оның жасы қазір тоғызда.

Ал бірінші жарынан бір ұл, бір қызы бар. Әйгерім Асанованың айтуынша, ол күйеуінің бұрынғы некесінен туған балаларымен де араласып тұрады екен.Алланың алдында арым таза. Біреудің өмірін бұзған жоқпын. Өзім әжемнің қолында өскеннен кейін болар, мектепте оқитын кезімнен үнемі үлкен адамға тұрмысқа шығамын деп айтатынмын. Әжем «түзу сөйле, сөздің киесі бар» деп ұрысатын. Солай өз тілімнен тапқаным ғой. Бірақ өкінішім де жоқ. Көпеннің бірінші отбасымен, балаларымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Балалар бір-бірімен араласып тұрады. Кеше де бірге болдық. Алматыға отбасылық бір іс-шараға келдік, - деді ол.