Синоптиктер ел өңірлері бойынша 20 қыркүйекке арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді.
Еліміздің барлық дерлік өңірінде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр.