$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Біз дизель отынының бағасын реттей алмаймыз - Қ.Бозымбаев

AstanaTV
05.05.2017ж. 20:00
3044
Біз дизель отынының бағасын реттей алмаймыз - Қ.Бозымбаев

Мұнай өңдейтін зауыттар мамыр айында дизель отынының бағасын тоннасына 130 мың теңгеге дейін көтеруі мүмкін. «Қазақстан фермерлер одағының» баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты. Яғни зауыттан шығатын 1 литр сұйық отынның құны 2,5 теңгеге өседі. Бірақ одақ шаруаларды қосымша келісімге қол қоймауға шықырып отыр. Айбек Қосан мәселенің мән-жайын біліп көрді.

Айбек Қосан,  тілші:

«Қазақстан фермерлер одағы» шаруашылық үшін суық хабарды осыдан 2 күн бұрын естіген. Қосымша келісімде дизель отыны «әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін» жасалып жатыр дегенді оқыған Әуезхан Даринов "бұл не сұмдық?" деп отыр. Бұл өзгеріс агросаланың жағдайын жарылқай қоймасы анық, дейді. 

Әуезхан Даринов, Қазақстан фермерлер одағының төрағасы:

Себе алмай қалуы мүмкін. Сепсе де, біраз жұмысты аяғына дейін атқармауы мүмкін. Толық сеппеуі мүмкін. Тыңайтқышты салмауы мүмкін. Оның барлығы ертең егіннің көлеміне байланысты болады. Келісімшарт мына март айында қойылды ғой. Сол әбден алынып болғанша, өзгермеуі керек. Бас-аяғы 360 мың тонна ғой. Оның көлеміне ешқандай дау жоқ. Тек қана оны алу мәселесі қиын болып тұр. 

Астанада қабылданған шешім ауылдағы ағайынның да ұйқысын қашырды. Қызылорда облысына қарасты Баймұрат ауылында небәрі 1300 адам тұрады. Бір ғана шаруашылық көзі бар. Ақ алтын егетін жергілікті жұрттың бұл күнге дейін алымы мен салымын есептегенде, ұпайы түгел еді. "Енді шығынға белшеден батамыз ба" деп қауіптенеді.

Нәрікбай Абсадықов, шаруа:

Көктемгі егіске 20 тонна жібереміз, сосын күріш жинайтын кезге де 15-18 тонна шамасында солярка жағамыз. Неге ол қысты күні керек емес кезінде қымбаттатпайды? Неге осы кезде қымбаттатады? 90 мыңға бір тоннасын алдық. Енді ол қазір бір тоннасы 140 мыңға барайын деп тұр ғой. Көктемгі егіске ғана алып тұрғанымыз қазір.

Ал Энергетика министрі, бағаны реттейтін біз емес, деп отыр. Мұнайды зауытқа өңдеуге өткізетін шетелдік компаниялар өз құнын бекітеді дейді. Ал олар біздің ауыл шаруышылықтың жайына алаңдауы екіталай.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Мамыр айының бағасы где-то розница зауытта 107 теңге болайын деп жатыр. Жалпы, облысқа келгенде 120-125 дейін ғана. Заправкаларда бүгін айтылды 134-135. Заң бойынша бізде министрлікте ешқандай, мысалы, құқықтарымыз осындай бағамен анаған-мынаған сат деген жоқ. 

Айбек Қосан, тілші:

Фермерлер одағы төрағасының айтуынша, шаруалар отын тасымалдаушылармен келісімге отырып қойған көрінеді. Ал жаңа бағамен қосымша келісім жасауға келіспей отыр. Шаруаларға оған қол қоймауды ескертті.

Айбек ҚОСАН