Атом электр станциясын салуды қолдайтын халықтың қарасы қалың. Бұл демократия институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Оған 8 мың қазақстандық қатысып, оның 59,2 проценті дауыс беруге қатысуға дайын екенін айтқан. Ал қалған 41,6 пайызы нақты барамыз деп отыр. Тағы 17 проценті референдумға қатыспайтындарын жеткізді.
Жалпы тұрғындардың 60 проценті атом станциясын салуды қолдайды. 38,6 пайызы қарсылық білдірмеді. Ал азаматтардың 24,9 проценті қарсы екен.
Сауалнама нәтижелері халықтың бірінші кезекте Атом электр станциясының адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін әсері қандай екенін білгісі келетінін көрсетті.