$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазақстан әлемге бейбітшілікті қалайтын мемлекет екенін көрсетіп жатыр", - сарапшы

20.09.2024ж. 20:00
278
"Қазақстан әлемге бейбітшілікті қалайтын мемлекет екенін көрсетіп жатыр", - сарапшы

Ертең - халықаралық бейбітшілік күні. Соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тарту үшін Біріккен ұлттар ұйымы бұл мерекені 1981 жылы бекіткен болатын. Бұл күні бүкіл елге әскери әрекеттер өткізбеу ұсынылған. 

Қазір әлемдегі геосаяси ахуал ушығып, кей елдерден тыныштық кетті. Түкпір-түкпірдегі қым-қиғаш оқиғалар көпшілікті елең еткізбей қоймайды. Осы ретте бүкіл адамзат баласы бейбіт өмір сүрудің кілті ауызбіршілікте екенін терең түсіне бастады. Бұны Мемлекет басшысы да саяси мінберлерде талай рет айтты. Әлем елдерін бейбітшілікке үндеді. Мұның өзі еліміздің татулықты ту етіп, тыныштық пен бейбітшілікті көздейтінінің айғағы.

БАУЫРЖАН ӘУКЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ АЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері өзінің сыртқы саясатын бейбіт дамуға, серіктестікті бейбітшілік рухында нығаюына үлкен мән береді. Осыған орай, БҰҰ аясында, өзге де халықаралық ұйымдарға мүшелік еткендіктен, оның жұмысында, серіктестікті достық, бейбіт мақсатта дамуды көздейді.

Еліміз көпвекторлы саясатты ұстанады. Яғни, бүкіл елмен ашық қарым-қатынасты нығайтуда. Жаһандық жүйедегі кез-келген конфликтіні бейбіт жолмен шешіп, елдерді ұстамдылық пен дипломатияға шақырады.

ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, ЕҰУ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А:

Барлық ірі державалармен тату-тәтті көршілік қарым-қатынасымыз бар. Достық қарым-қатынас жөнінде келісімдеріміз бар. Мұның барлығы алдағы 10 жылдықта біздің ірі мемлекеттермен байланысымызды нық сақтап, сенімді түрде жұмыс істеуімізге мүмкіндік береді. Қазақстан БҰҰ жақсы жұмыс жасайды. Президент бұл ұйымда орынбасар болған. Қысқаша айтқан кезде, Қазақстан барлық қолда бар инструменттерді қолданады.

Еліміз түрлі халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста. БҰҰ, ШЫҰ, Еуропа ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттер одағы ұйымдарына бірнеше рет төрағалық еттік. Осы тұста еліміз әрдайым тыныштықты дәріптеп келеді. Қазақстанның бейбітшілік бағытындағы ұстанымы әлемдік деңгейде абыройының артуына зор үлес қосуда.