$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Демалыста күн райы қандай болады

AstanaTV
20.09.2024ж. 19:54
188
Демалыста күн райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігі орталығы Жаңа Жердің үстінде орналасқан циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты батыста және оңтүстікте жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. 22 қыркүйектен бастап еліміздің батысына Скандинавия аудандарынан антициклон жотасы тарала бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтауын анықтайды. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі, батыста, солтүстік-батыста және орталықта топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Күндіз республиканың ауа температурасы батыста +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, солтүстікте +17+22°С-тан +8+18°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, ал қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.