$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еуропа одағы тасқыннан зардап шеккен елдерге көмекке 10 млрд еуро бөледі

AstanaTV
21.09.2024ж. 11:27
33
Еуропа одағы тасқыннан зардап шеккен елдерге көмекке 10 млрд еуро бөледі

Италияда алапат тасқын, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.  

Оған 48 сағат бойы дамылсыз жауған жаңбыр себеп болды. Осыған байланысты, елдің солтүстігінде мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, мектептер жабылып, пойыздар қатынасы тежеліп отыр. Соңғы мәліметтерге сай, Румыния, Польша, Чехия, Австрияда дүлей дауыл мен тасқыннан қаза тапқандар саны 24-ке жетіп, экономикаға миллиардтаған еуро шығын келді. 

Еуропа одағы Орталық Еуропа елдеріндегі су апатының зардабын жоюға 10 миллиард еуро бөледі.