$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада ер адам бір жыл бойы жоқ пәтерлерді жалға беріп келген

AstanaTV
21.09.2024ж. 16:01
381
Астанада ер адам бір жыл бойы жоқ пәтерлерді жалға беріп келген

Астанада бір жыл бойы жоқ пәтерлерді жалға беріп келген 21 жастағы жігітті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт танымал интернет-ресурста жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Алаяқ жалдау бағасын нарықтық бағадан төмен етіп көрсетіп, пәтерге қызығушылық танытқан адамдардан үйді брондау үшін алдын ала төлем алып отырған.

Дәл осылай алаяқтың картасына 95 мың теңге жіберіп, алданып қалған астаналық әйел полиция шағымданды.

"12 миллион теңге алды". Қымбат көлікті арзанға алмақ болған қазақстандықтар алаяқтың құрбаны болды

"Тергеуде күдіктінің тағы осындай 15 алаяқтық эпизодына қатысы бары анықталды. Іс бойынша қалған жәбірленушілер анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.

Заңға сәйкес, аса ірі көлемде жасалған алаяқтық жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық футболшының бірнеше адамға несие алғызып, алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны туралы жазған едік.