$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Найзағай соққан: Жүрегі 40 минутқа тоқтап қалған ер адам аман қалды

AstanaTV
22.09.2024ж. 07:33
508
Найзағай соққан: Жүрегі 40 минутқа тоқтап қалған ер адам аман қалды

Оңтүстік Кореяда дауыл кезінде найзағай соғып, жүрегі 40 минутқа тоқтап қалған ер адам толықтай сауығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Korea Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

5 тамыз күні Кванджу қаласында ағашқа найзағай түсіп, ағаштың жанында тұрған 29 жастағы мұғалім Ким Кванхен есімді азаматқа да тиген. Ер адам бірден есінен танып қалған. Көп ұзамай оны өтіп бара жатқан адам тауып алып, жедел жәрдем шақырған.

Ер адам ауруханаға жеткізілгенде жүрегінің 40 минут бойы соқпай тұрғаны анықталды.

"Ұзақ тоқтап қалғандықтан оның өкпесі мен жүрегі өте нашар жағдайда болды, біз шынын айтқанда, мүмкіндік жоқ деп ойладық", – дейді ер адамды емдеген дәрігерлердің бірі.

Реанимациялық шаралардың арқасында науқастың жүрегі қайта іске қосылған. Найзағай соққаннан 10 күннен кейін ер адам өздігінен тыныс алатын жағдайға жеткен. 2 қыркүйек күні ол ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның толықтай сауығып кеткенін мәлімдеді.