$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ХЕС: Коронавирустың жаңа штамы таралып жатыр

AstanaTV
22.09.2024ж. 08:47
268
ХЕС: Коронавирустың жаңа штамы таралып жатыр

Ресейде коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

abnews.ru-дың мәліметіне сүйенсек, ХЕС штамының симптомдары вирустың бұрынғы түрлеріне қатты ұқсас.

XEC алғаш рет 2024 жылы маусымда Германияда анықталған. Омикрон FLiRT — KS.1.1 және KP.3.3 штамдарының белгілеріне ұқсайды.

Вирустың жаңа нұсқасы алдыңғылары секілді тез таралады. Сонымен қатар дәрігерлер індетпен ауырғандарда дәм сезу мен тәбеті жоғалып, бас ауыру, әлсіздік, жөтел, тамақтың ауырсынуы, қызба және мұрын бітелу анықталады деп отыр.