$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Жапония 130 мыңнан астам адамды қауіпсіз аймаққа көшірмек

AstanaTV
22.09.2024ж. 18:15
96
Жапония 130 мыңнан астам адамды қауіпсіз аймаққа көшірмек

Лай көшкінінен бір адам қаза тауып, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті

Жапонияның Хонсю аралының батысындағы Исикава префектурасында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеті қала мен елдімекендерде тұратын 131,4 мың адам эвакуацияланбақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы жергілікті NHK телеарнасы хабарлады.

«Аймақта толассыз жауған жауын салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті», - делінген хабарламада.

Ауданнан өзен тасқыны мен көшкін туралы хабарламалар әлі де түсіп жатыр. Префектурада кем дегенде 6 мың үй электр жарығынсыз қалды. Ұялы байланыс үзіліп жатыр.

Билік жаңбыр салдарынан көптеген үйлерді су басып, лай көшкінінен бірнеше ғимараттың қирағанын айтты.

Соңғы 24 сағат ішінде кейбір апатты аймақтарда 360 мм-ден астам жауын жауған.