$503.42 €542.08 ₽6
×

Көкшетауда әткеншекке мінген оқушы қыз жарақат алды

AstanaTV
22.09.2024ж. 20:10
521
Көкшетауда әткеншекке мінген оқушы қыз жарақат алды

Көкшетауда ойын алаңындағы әткеншекке мінген оқушы қыз құлап түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орта мектеп оқушысы сол қолының білегінен жарақат алған. Оқиға құтқарушыларға жақын маңда болған екен. 

Жедел-құтқару жасағының медбике-құтқарушысы Дәмегүл Шашкенова дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті.