$479.71 €533.77 ₽5.16
×

Биыл жазда Бурабайға 450 мыңнан астам адам демалу үшін барған

AstanaTV
23.09.2024ж. 08:12
90
Биыл жазда Бурабайға 450 мыңнан астам адам демалу үшін барған

Бурабайға 1 маусым мен 31 тамыз аралығында 450 мыңнан астам адам демалып барды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Бұл туралы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дирекция мәліметінше, жыл басынан бері 8 айында Ұлттық парк 650 мыңнан астам қонақ қабылдаған. 2023 жылдың 8 айындағы көрсеткіш - 550,7 мың адам.

Бурабай елдік және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өтетін орынға айналуда, бұл туристерді тартуға және Бурабайдың танымалдығын арттыруға ықпал етеді. «X-Waters Kazakhstan 2024», «Aqbura Bay trail 2024» сынды спорттық іс-шараларға мыңдаған адам келгені осыны көрсетеді.

«Инфрақұрылымды дамыту және экскурсиялық бағдарламаларды кеңейту Қазақстаннан ғана емес, шетелден де демалушыларды тартады. Жазда саябаққа 8 мыңнан астам шетелдік турист келді. Қонақтардың географиясы бойынша ТОП-5 ел қатарында Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Германия және Қытай бар. АҚШ азаматтары қызығушылық танытып отыр», - деді «Бурабай» МҰТП директорының даму жөніндегі орынбасары Венера Нұғыманова.