$479.71 €533.77 ₽5.16
×

Синоптиктер ескерту жасады

AstanaTV
23.09.2024ж. 10:22
162
Синоптиктер ескерту жасады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 23 қыркүйекте түнде Ақтөбе, Алматы және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.