$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Пәкістандағы жойқын жарылыс арасында Қазақстан елшісі де болған

AstanaTV
23.09.2024ж. 10:45
257
Пәкістандағы жойқын жарылыс арасында Қазақстан елшісі де болған

Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында болған жарылыстан Қазақстан елшісі зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, 22 қыркүйекте Хайбер-Путунхва провинциясында кортежді алып жүрген полиция автокөлігі минаға тап болып жарылған. Кортежде барлығы 12 мемлекеттің дипломаттары болған, арасында Қазақстан елшісі де бар.

Апат салдарынан үш полицей зардап шекті, біреуі көз жұмған.

«Дипломатиялық корпустың өкілдері дін аман, елшілердің барлығы Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабадтың Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған Туризм жөніндегі конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бара жатқан», - дейді Смадияров.