$480.5 €534.22 ₽5.18
×

Алматы облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

AstanaTV
23.09.2024ж. 12:05
149
Алматы облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы kris_p_issyk парақшасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талғар - Есік жолында Zeekr 001 электромобилінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Daewoo Matiz көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Matiz көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған, ал жүргізушісі есін жимастан аудандық ауруханада көз жұмды.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды, тергеу жалғасуда.