$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Білім және ғылым министрінің мәлімдемесіне орай...

AstanaTV
12.03.2016ж. 20:00
1367
Білім және ғылым министрінің мәлімдемесіне орай...

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бірінші рет ресми мәлімдеме жасады:

Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, Қазақ  Менеджмент, Экономикалық болжау институты, Қазақ-Британ техникалық университеті, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім. Бұл – бір.

Екіншіден, бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Оларда да көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, осы жастардың көбі, тіптен қазақ жастарының көбі қазақтілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осындай себептерге байланысты біздегі білімалу жүйесінде тепе-теңдік жоқ, жастардың бірдеңгейде сапалы білімалуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе ауылда жүрген жастарға, бәрінебірдей сапалы, заман талабы насай білім беру.

Дәліре кайтсақ, болашақ таүш тілде сапалы дәріс беретін біртипті білім беру жүйесін құру. Осы үш тілде де әр бала еркін сөйлеп, бір-бірін түсінебілуі тиіс және де әлемел деріндегі озық білімді игере білуі қажет. Бұл бір жылдың шаруасы емес, бірақ оны уақытты жоғалтпай бастау керек.

Министр әрі қарай –орыс тілін дебілім беретін мектептерде қазақтілінің сағаттарын көбейтіп, оның сапасы нарттыру керек,- деген. 

Жаратылыстану (химия, физика, биология, информатика) пәндерінүш тілде, оның ішінде қазақтілінде де жаңа әдістемемен оқыту көзделіпотырғанын, сондықтан биылдан бастап 73 мың мектеп мұғалімі жаңа әдістемеге арнайыдайын далатынын айтқан.

 Әлемдегі озық тәжірибені кеңінен қолдану үшін биыл және ендігі жылы 5 мың мектепті кең жолақты интернет желісіне қосатындарына тоқталған.

Осыдан кейін ғана кейбір жаратылыстану пәндерін тек ағылшын тілінде оқыту басталады. Шамамен ол 2018 жылдан басталады деп отырмыз. Тек балалар дайын болғанда ғана ҰБТ-ға ағылшын тілі сұрақтарын қоса бастаймыз.

Осының бәрі не үшін қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Әлемдегі ғылым жаңалықтарын қазақ тіліне аудару керек дейді кейбір ағайындар. Дұрыс-ақ болар еді, бірақ әлемде біздің жастарға керек, күніне мыңдап емес миллиондап шығып жатқан ғылым мен өмір жаңалығын дер кезінде қазақ тіліне аудару тіпті мүмкін емес. Оған қаражат та, басқа мүмкіндіктер де жоқ. Оның қиындығын үлкен халық француздар да түсініп отыр. Бұрын француз мектептерінде ағылшын тілі оқытылмайтын еді. Қазір оны оқыту заң түрінде барлық француз мектептеріне енгізілді. Бізге де тиімді жол осы деп есептейміз. Қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйретсек, сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады.

Ал, қазақ тілі туралы айтар болсақ, бізде ана тілімізді жан-жақты, жедел, тиімді үйрететін әдістеме жоқ...  Жоқтығынан біздер мектептерде қазақ тілін айлап, жылдап оқытсақ та тиісті нәтиже шығара алмай келеміз.

Сондықтан қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесін жасауымыз керек. Осы мақсатқа ғылым бағдарламасының маңызды бөлімі ретінде тиісті қаржы бөлу көзделіп отыр.

Өткенде де айттық: министрдің көзқарасы концептуалды алып қарағанда ақылға қонымды. Тіпті негізінен дұрыс әңгіме. Бірақ кілтипан бар – техникалық мамандықтар бойынша ілім-ғылым, қолданбалы математика қазақ тілінде мүлдем сөйлемесе, тілдің дамуын тежеп, қолдану аясын одан сайын тарылтып, орасан кесапатын тигізеді. Әлеуметтік желіде академик Асқар Жұмаділдаевтің де пікірі жарияланды: 

Қазақтың тілі тіл болу үшін – ғылымның тілі, бизнестің тілі, технологияның тілі болу керек. Олай болу үшін жаңағы ғылымдардың барлығы қазақ тілінде де оқытылуы керек. Егер өйтпейтін болсақ, онсызда көлеңкеде тұрған тіліміз бірден құриды. Егер біз жаратылыстану ғылымдарын тек қана ағылшын тілінде өткіземіз десек, онда біз тілден айырылдық деп есептеңіз. Өйткені, сіз домбыра тартасыз, ол – маған керек, саған керек, басқа ешкімге керегі жоқ. Тарихыңызды айтасыз, Абылай ханды айтасыз, ол қазаққа ғана керек, басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, қазақ бәйгеден озамын десе, технократтық елге айналуы керек. Технократтық жүйені рухани байлықпен ұштастырудың жолы бар, ол қиын емес. Оның жарқын мысалы – Жапония. Өзінің ойлау жүйесін қалдырып, оны ғылымның жаңа технологиясымен ұштастырған. Біздің қазақтарға да келетіні – осы. Біздің өлеңімізді, әнімізді, ойлау жүйемізді, психологиямызды, менталитетімізді технологиямен ұштастыру керек. Сонда ғана өркендейміз, әйтпесе құримыз.

Министрдің білім беру сапасын шынымен жақсарту, қазақ тілінің дамуына ықпалдасатын тетіктерді қосу ниетінің таза екеніне күмәнданбаймын. Реформаны іске асыратындар шенеуніктерге күмәнім бар. Сондай-ақ, біраз ата-ананың ниетіне күмәнім бар... Иә, қазақ тілінде берілетін білім деңгейінің жоғары болуы маңызды – яғни министрліктің міндетін дұрыс атқаруы бір мәселе. Жоғары атқарушы биліктің қазақша сөйлемеуі тағы бір мәселе. Алайда егер біз қоғам болып ШЫН-ды мойындап, ардақты ана тіліміздің өлуі мүмкін екенін, онда ұлт ретінде жойылатынымызды түйсінсек министр негізі соны нұсқап отыр, «сәлем, қалайсыңнан» «өсіп», бейнелеп айтқанда «доча», «сынок» деген болмыстан құтылсақ  ғана мүмкін, құрымаймыз...