$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстан мектептерінде Қамқоршылық кеңесі құрылады

AstanaTV
14.04.2017ж. 20:00
2892
Қазақстан мектептерінде Қамқоршылық кеңесі құрылады

Қазақстан мектептерінде Қамқоршылық кеңесі құрылады. Жиырмаға жуық мүшесі бар бұл кеңес білім ошақтарының жұмысын бақылауға алады. Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Кеңес құрамына жергілікті мәслихат депутаттары, "Атамекен" палатасы өкілдері, сол елді мекендегі қоғам белсенділері енеді. Олар демеушілік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды. Мектеп директорларының кеңеске мүше болу құқы жоқ.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Біздің кеңестер мектепте не болып жатқанынан бастап, директор, оқу ісінің меңгерушісін тағайындауға дейін араласатын болады. Жемқорлық бәрін сол жерге шығарып талқылау керек.

Білім және ғылым министрінің "Нұр Отан" партиясында өткізген қоғамдық қабылдауына екі өңір тікелей қосылды. Белгілі себептермен оқудан шығып қалған немесе оқуға түсе алмаған жастар, жекеменшік университет ашу, оралмандардың елдегі білім беру жүйесіне тез бейімделуі, басқа да мәселелерге қатысты азаматтар өз өтініш-тілектерін айта келген. Министр бұларды өз қадағалауына алды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ