$479.71 €533.77 ₽5.16
×

Қостанай дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

23.09.2024ж. 20:00
227
Қостанай дәрігерлеріне  қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облыстық балалар ауруханасының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Рудный тұрғыны Анна Агаркова бір ай бұрын кенже баласынан айрылып қалғанын айтады. 3 жастағы бүлдіршін 10 магнит жұтып қойған көрінеді. Баланы дереу қалалық, кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер 6 магнитті алып шыққан. Ал қалғанын шығаруға асықпады, дейді. 

АННА АГАРКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дәрігерлер рентген нәтижесін көрсетіп, үш магнит жабысып қалғанын айтты.Еш қауіп жоқ деп сендірді.Ішекке стимуляция жасаймыз деді.Үш екпе салды.бірақ одан ештеңе шықпады.Балам нәр татқан жоқ, тамақ ішпеген соң қалай шықсын. Қызуы көтеріліп, денсаулығы тіпті нашарлай бастады.Ал дәрігерлер болса көбірек жүру керек, сонда магнит шығады деді.Оның жүрмек түгілі, орнынан тұруға халі болған жоқ.

Дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижесі тиісті медициналық көмек көрсетілмегенін анықтап отыр. Бүлдіршінді емдеу барысында клиникалық хаттама бұзылған.

ҚАЙРАТ ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тексеріс нәтижесі бойынша бірқатар олқылықтар анықталды.Емдеу диагностикасы мен клиникалық хаттаманың бұзылғаны белгілі болды. Біз бұл материалды денсаулық сақтау басқармасына, міндетті медициналық сақтандыру қорының филиалына және процессуалдық шешім қабылдайтын полиция департаментіне жолдадық.