$479.71 €533.77 ₽5.16
×

Павлодарда мектеп оқушылары төбелесті

23.09.2024ж. 20:00
69
Павлодарда мектеп оқушылары төбелесті

Павлодарда мектеп оқушылары төбелесті. Салдарынан балалардың бірі жарақаттанған . Оқиға қала іргесіндегі Кенжекөл ауылында болды. Төбелеске не себеп болғаны белгісіз. Қазір бұл оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

АЛТЫНБЕК МЕДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Барлық төбелеске қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу жүргізіліп, мән-жайлар анықталуда, оның барысында әркімнің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Барлық кәмелетке толмағандар қамқоршыға берілді.