$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараз тұрғыны құжат бойынша қамауда отыр, ал іс жүзінде бостандықта жүр

23.09.2024ж. 20:00
304
Тараз тұрғыны құжат бойынша қамауда отыр, ал іс жүзінде бостандықта жүр

Тараз тұрғыны құжат жүзінде қамауда отыр, ал іс жүзінде бостандықта жүр. Себебі, туған ағасы Қызылордада қылмыс жасап, сол сәтте қалтасында қалып кеткен інісінің куәлігімен түрмеден бір-ақ шыққан. Тергеу кезінде бұл мен емес деп қанша айтса да сот оны басқа құжатпен үш жылға соттап жіберіпті. Енді інісі не далаға шығалмайды, не жұмысқа тұра алмай жүр. 

Түзеу мекемесінде отырған Махамбет Болатов құжат бойынша бостандықта. Қызылорда қалалық соты жасаған қылмысы үшін Махамбетті туған інісінің куәлігімен үш жылға қамап жіберген. Сыр өңіріне жұмыс істеуге кеткен үлкен ұлын анасы іздеген, кейін Тараз түрмесінен бір-ақ тапқан.

ВЕНЕРА МУХИДИНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сіздерді білмеймін сотқа не үшін шақырмағанын. Бірақ өздері таксафонға шығармағаннан кейін , қолға түскенімді хабарлай алмадым деді. Ол сотқа бізді шақырған да жоқ. Қолға түскенін хабарлаған да жоқ. Сот болғанын біз білмейміз.

Туған бауырының қамалғанын естіп інісі анасын ертіп нөмірі 59 түзету мекемесіне барған. Махамбет Болатов деп аты жөнін айтқанда ондай адам жоқ, Ержан Болатов отыр дегенде аң таң болыпты. Кейін кездесіп, бар шындықты сол кезде білген.

ЕРЖАН БОЛАТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тексермеген. Менің ағам айтқан ол кісілерге айтқан. Бұл менің інімнің паспорты. Мен емес. Менің атым Болатов Маханбет. Ал паспорт менің інімнің паспорты деп айтқан. Ол кісілер оған сенбей Маханбет емес Ержан деп соттап жіберген. Негізі Болатов Ержан мен болам.

Қызылорда қаласының нөмірі 2-ші соты ұрлық дерегімен Махамбет Болатовты үш жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған. Кейін Таразға ауыстырғанда түрме басшысы да бұл жағдайды естіп аң таң болған көрінеді.

РУСЛАН УРАЗМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖД №59 БАСТЫҒЫ:

Қызылордаға хат жолдадық осындай жағдай болды деп. Менің осы системада жұмыс істеп жүргеніме қанша жыл болды. Бірінші рет осындай жағдаймен кезігіп отырмын.

Жамбыл облыстық прокуратурасы саусақ іздері арқылы сараптама жүргізіп сотталған азаматтың есімі Ержан емес Махамбет екенін анықтады.

АСЫЛБЕК ПЕШЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

Сотталған Болатовтың өзінің туған інісінің құжаттарымен Қызылорда қаласының сотымен басқа есімде заңсыз сот үкімі шыққаны анықталды. Ол мән жайларды дәлелдеу үшін біз қажетті сарапшыларды тарта отырып бұл жағдайларды дактископиялық мамандардың зерттеуі арқылы сотталғанның сөзінің растылығы орнын тауып тиісті хат, бас прокуратураға және Қызылорда облыстық прокуратурасына жолданған.

Судья сұқбат беруден бас тартты. Енді бұл мәселені Бас прокуратура бақылауға алды.