Ермек Маржықпаев ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
“Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астанада дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.
Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.
2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.
2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрі болды.