$480.5 €534.22 ₽5.18
×

Иранда көмір шахтасында болған жарылыстан 51 адам қаза тапты

AstanaTV
23.09.2024ж. 22:20
108
Иранда көмір шахтасында болған жарылыстан 51 адам қаза тапты

Иранда көмір шахтасында болған жарылыстан 51 адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Тағы 20 шақты жұмысшы жараланған. Оқиға елдің шығысындағы Оңтүстік Хорасан провинциясында болды. 

Алдын-ала мәліметке қарағанда, апатқа шахтаның екі блогында метан газының тарауы себепші. Оқиға алдында кен орнында 69 адам жұмыс істеп жатқан. Үйінді астында қанша адамның қалып қойғаны әзірге белгісіз. Ел президенті Масуд Пезешкиан бар күшті құтқару операцияларына салуға және құрбандардың туыстарына көмек көрсетуге бұйрық беріп, тергеудің басталғанын мәлімдеді.