$480.5 €534.22 ₽5.18
×

Боксшы Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды

AstanaTV
23.09.2024ж. 22:51
88
Боксшы Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын.

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы. 

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. Боксшы екі чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп жоспарланған болатын.