Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралда мультфильм түсіретін музыкант бар

AstanaTV
14.04.2017ж. 20:00
2959
Оралда мультфильм түсіретін музыкант бар

Оралда мультфильм түсіретін музыкант бар. Балабақшада жұмыс істейтін Әсет өзі ертегі жазып, соның желісінде мультфильм түсіреді. Оған балабақша бөбектері де ат салысады екен. Кейіпкерлерін дыбыстауды автор балақайларға сеніп тапсырған.

Раушан Сәрсекова, балабақша тәрбиешісі: 

Мультфильмді көрген ата-аналарға өте ұнап жатыр. Әрі қарай жалғасы болсын деген ұсыныстар түсіп жатыр.

Орал өңірі түгілі, Қазақстанда  кенжелеп қалған салаға тыңнан соқпақ салған өнерпаз туралы ертең, 20.00-де "Біздің уақыт" ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер!